Қытай компанияларының жаһандық жасанды интеллект нарығындағы үлесі 15%-ға жетті
Қытай компанияларының жаһандық жасанды интеллект нарығындағы үлесі 15%-ға жетті
2 ай бұрын 409 kaz.inform.kz Назым Бөлесова, Айнұр Тумакбаева. Фото: China Daily

KAZINFORM — Қытайда жасанды интеллект (ЖИ) саласында жұмыс істейтін 5,3 мыңнан астам компания бар. Олардың жиынтық үлесі жаһандық нарықта 15%-ға жетті, деп хабарлайды Синьхуа. 

Қытай Халық Республикасының Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясының деректеріне сәйкес, 2024 жылы ҚХР-дағы жасанды интеллект индустриясының көлемі 900 млрд юаньнан (126,7 млрд АҚШ доллары) асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24%-ға көп.

— Қытайда жасанды интеллект саласында толық өндірістік тізбек қалыптасты. Ол базалық инфрақұрылымды, модель архитектурасын және салалық қолданбаларды қамтиды. Өткен жылы осы сегменттердің табысы тиісінше 54%, 18% және 13%-ға өсті, — деп атап өтті академияда.

Жылдам өсім интеллектуалды жабдықтарда да байқалады. Бұл санатқа ЖИ негізіндегі смартфондар мен компьютерлер, сондай-ақ желілік байланыс функциясы бар ақылды көлік құралдары кіреді.

ҚХР билігі цифрлық экономикадан «ақылды» экономикаға және интеллектуалды қоғамға көшуді жүйелі түрде жүзеге асыруда. Биыл «ЖИ плюс» бастамасын енгізу бойынша ұсыныстар жарияланды. Ол жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуды және ЖИ технологияларын әлеуметтік-экономикалық салаларға жеделдетіп енгізуді көздейді.

Бұған дейін біз Қытайдың жасанды интеллектіні дамытуда прагматикалық ұстанымы бар екенін, бұл туралы Ли Кай-Фу айтқанын хабарлағанбыз. 

Назым Бөлесова

Қытайда жасанды интеллектпен айналысатын 5 300-ден астам компания бар

KAZINFORM — 2024 жылғы қыркүйек айындағы жағдай бойынша Қытайда жасанды интеллект (ЖИ) саласында жұмыс істейтін 5 300-ден астам компания тіркелген, деп хабарлайды Синьхуа.

Бұл әлемдік көрсеткіштің 15 пайызына тең, деп хабарлады Қытайдың Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясы (CAICT).

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдағы ЖИ индустриясының ауқымы 900 миллиард юаньнан (шамамен 126,7 миллиард АҚШ доллары) асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық.

Елде ЖИ секторы бойынша базалық инфрақұрылымнан бастап, модельдер архитектурасы мен салалық қолданбаларға дейінгі толық өндірістік тізбек құрылған.

Академияның мәліметінше, бұл салалар бойынша табыс өткен жылы сәйкесінше 54%, 18% және 13% өсім көрсеткен.

Академия өкілдерінің айтуынша, ЖИ негізіндегі смартфондар мен компьютерлер, сондай-ақ интеллектуалды көлік құралдары секілді ақылды құрылғылардың нарығы қарқынды дамып келеді.

Қытай цифрлық экономиканы «ақылды» экономикаға және интеллектуалды қоғамға айналдыру үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы жылы елде ЖИ-ді қолдайтын инфрақұрылымды күшейтіп, жасанды интеллект технологияларын әлеуметтік-экономикалық салаларға жедел енгізуді көздейтін «ЖИ плюс» бастамасын тереңдету жөніндегі ұсыныстар жарияланған болатын.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады. Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айнұр Тумакбаева

0 пікір
Мұрағат