|
Қытай жыл сайын 10 млн тұрғынды кедейлік қамытынан шығарады
|
Қытай билігі – Қытай халық республикасының коммунистік партиясы 2019 жылдың соңына дейін 10 млн-нан аса тұрғынды кедейлік қамытынан шығаруды алдына міндеті етіп қойды. Бұл жайында қытайлардың Синхуа ақпарат агенттігі хабар таратты. Сөз орайы келгенде мынадай мәліметті келтіре кеткенді өн көріп отырмыз: Қытай аумағындағы кедейлердің 95%-дан астамы кедейлік қамытынан құтылатын болады. Бұл жайында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің кедейлікпен күрес және даму жөніндегі басқарма директоры Лю Юнфу мәлім етті. Оның айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін кедейлікті жалпы жеңу жоспарланып отыр. Бұл бағытта әлеуметтік-экономикалық шаралар кешені қолға алынып жатыр. Қытай билігінің кедейлікпен күрес науқаны жалпыұлттық сипат алып, қоғамдық ұйымдар да тартылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)