|
Қытай Жапониямен арадағы сауда-саттыққа шектеу қойып жатыр
|
Жапонияның премьер-министрі болып Санаэ Такаити есімді әйел сайланғалы бері Қытаймен арадағы қатынас ушығып келеді. Бұған жапондардың билік тізгінін ұстағандардың Тайуан егемендігіне қатысты ұстанымдарын ашық жариялағаны себеп болды. Бұл жайында islam.kz порталы Deutsche Welle (Неміс толқыны) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алдымен күншығыс елінен импортталатын теңіз өнімдеріне шектеу қойылды. Содан соң қытай жағы пандасын қайтарып алды (панда – тек Қытай аумағында өсіп-өнетін жыртқыш жануар. 17-ші ғасырдан бері «Панда дипломатиясы» Қытайдың жұмсақ күшінің атрибутына айналған. Еерекше ықыласы түскен елдерге уақытша береді – ред.). Енді Қытайдың сауда-саттық министрлігі жапон компанияларынан тағы 20 компаниясынан (ұзын ырғасы 40 компаниясынан) «қос мақсатты пайдалануға болатын» (тек азаматтық мақсатта ғана емес, сонымен қатар, әскери мақсатта қолдануға жарайтын тауарлар, айналымы арнайы заңмен және лицензиямен қадалағанады, мұндай тауарларға табиғатта сирек кездесетін минералдар мен металдар, бағдарламалық жасақтама, деректерді өңдеу технологиясы, ғылыми-техникалық маңызы бар тауарлар, жарылғыш заттар жасалуы мүмкін химиялық тыңайтқыштар, т.б.) тауарлар экспортына тыйым салды. Жапон компаниялары ондай тауарларды қарулану саясатына пайдалануы мүмкін деген қауіппен. Осы тұста өткен жылы Жапония премьер-министрі Токионың Тайуанға шабуыл жасалғанда қарап қалмайтынын мәлімдегенін айта кетпекпіз. Тайуанды Қытай өз аралы санайды. Қытай «қос мақсатта пайдалануға жарайтын тауарларды» Subaru, Mitsubishi секілді әлемге әйгілі жапон компанияларына сатуға шектеу қойды.