Қытай дамуының «жасырын құпиясы»...
Қытай дамуының «жасырын құпиясы»...
3 жыл бұрын 3479 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Қытай дамуының феномені туралы «жақ жаппай» айтып келеді. Бұл тарапта экономиканың жілігін шағып майын ішкен сарапшылар да «Қытай ғажайыбының моделі» жөнінде түрлі пікірлер білдіруде. Сарапшылардың Қытай дамуына қатысты білдірген пікірлерінің дені шындық ретінде қабылданып келеді. Бұл жолы да ресейлік сарапшының пікірін бергенді жөн көріп отырмыз: біріншіден, Қытай іргеміздегі алып ел, көрші ел, алыс-беріс пен барыс-келісі көп ел; екіншіден, ресейлік сарапшының пікірі тосын естілгенімен шындықтың ауылынан алыс емес. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қытай дамуының астарына тереңірек үңіліп, REGNUM ақпарат ресурсына сұхбат берген Ресей Федерациясы министрлер кабинетіне қарасты қаржы университетінің қоғамдық қаржы департаментінің қаржылық саясат орталығының директоры Вадим Понкратовқа сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ресейлік сарапшы Қытайды америкалық технологияны «қолды қылған» үшін айыптаған Федералды тергеу бюросының жетекшісі Кристофер Рейдің мәлімдемесіне қатысты пікірін бермекпіз. «Қытайдағы өнеркәсіптік тыңшылық немесе «іскерлік барлау» - шын мәнінде мемлекеттік ауқымдағы құбылыс, мұнымен мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінен бастап, елшіліктер мен әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларында іс тәжірибеден өтуге және әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарында білім алуға жаппай жіберілген студенттерге дейін айналысады. Олардың тірлігі әшкере болған күннің өзінде қытай компанияларына қатысты сот отырыстарының көбісі сиырқұймшақтанып кетеді»,- деді Вадим Панкроатов. Осылай деген ол қытай компанияларының шетелден «қолды қылған» технологиядан бастап дайын дизайнге дейін өздерінде сәтті енгізіп отыр. «Қытай сапасы» термині үшінші сортты деген қалыптасқан ұғым болудан қалатын күн алыс емес. Осылайша Қытай жаһандық бәсекелестікте жаңа деңгейге көтеріліп, геосаясатта ықпал ету аймағын кеңейтеді. АҚШ-тың өзі Қытаймен арадағы бәсекелестікте көптеген салалар бойынша көш бастаудан қалып барады. Бұл жайт АҚШ экономикасына үлкен соққы болып тиюде. Америкалық сарапшылар Қытайдың осындай тыңшылық әрекетінен жылына 50 млрд доллар шығын көріп отырғанын алға тартуда. Әсіресе, Қытай нарығына шыққысы келетін батыс компанияларына қойылатын талаптан (технологияны мәжбүрлі түрде беру, қалдыру) көп шығын көріп отыр. 

Ұқсас материалдар:

"Ұлт қауіпсіздігі үшін шетелдік студенттерге маңызды технологиялар бойынша шектеу енгізіледі" (https://islam.kz/kk/news/alem/ult-qauipsizdigi-ushin-sheteldik-studentterge-manyzdy-tehnologiyalar-boiynsha-shekteu-engiziledi-15966/#gsc.tab=0); 

«Қытай жетістігінің құпиясы неде?» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jetistiginin-qupiyasy-nede-14048/#gsc.tab=0);

«Қытай кедейлікті ғылымның және технологияның көмегімен жеңді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-kedeilikti-gylymnyn-jane-tehnologiyanyn-komegimen-jendi-14925/#gsc.tab=0);

«Қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі 5 себебі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qytai-ekonomikasynyn-qarqyndy-damuynyn-negizgi-5-sebebi-10366/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат