Қытай билігі аса ірі интернет индустриясын жоюға кірісті
Қытай билігі аса ірі интернет индустриясын жоюға кірісті
4 жыл бұрын 1801 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қытай билігі табысы бірнеше ондаған млрд долларға жеткен онлайн білім беру индустриясын жоюға білек сыбана кірісті. Тура мағынасында. Қытай билігі елде бірнеше жылда жеке репетиторлық бойынша өз алдына тұтас «империя» құрған аталмыш индустриядағы аса ірі компаниялардың қызметіне қатаң тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білім берудің интернет сервисі бірнеше айдың ішінде шамамен 27 млрд доллардан айырылды. Қытай билігінің тыйымынан. Әсіресе, Gaotu, TAL Education және New Oriental Education & Technology деп аталатын үш ұлттық компания күйреудің алдында тұр. Мәселен, Gaotu компаниясы билік санкциясының кесірінен өз табысының 90 пайызынын айырылды. 49 жастағы Gaotu қожайыны Ларри Сяндонга Ченнің капиталы 2021 жылдың бас кезінен бері 16,5 млрд доллардан 1,6 миллиард долларға дейін құлдыраған болатын. Ал TAL Education холдингі (бастауыш және орта мектеп оқушыларына репетиорлық қызмет ұсынады) капиталының 60 айызынан айырылған. New Oriental Education & Technology сервисінің қожайыны 2,1 млрд долларынан айырылды. Қытай билігінің аталмыш интернет сервиске қатысты мұндай шалт әрекеті мен «жыртқыштық» саясаты екі түрлі мақсатты көздейді: біріншісі – сабақтан тыс уақытта балалардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасауға, яғни, білім берумен байланысты қосымша ауыртпалықтан құтқаруға саяды; екіншісі – интернет-бизнес тарапынан баға саясатындағы алаяқтықтың және асыра сілтеушіліктің алдын алу. Gaotu, TAL Education және New Oriental Education & Technology алыптарына осы жылдың сәуір айында аса ірі мөлшерде айыппұл салынған болатын – әрқайсысына 76,9 мың доллардан. Маусым айының бас кезінде әлемге әйгілі Alibaba қолдау танытқан әрі  Yuanfudao демеушілік көрсеткен Zuoyebang секілді 15 жекеменшік репетиторлық компанияға жалпы мөлшері 5,73 миллион доллар айыппұл салған еді.

0 пікір
Мұрағат