Қытай бағдарламашылар мен инженерлерге арналған жаңа визаны іске қосады
Қытай бағдарламашылар мен инженерлерге арналған жаңа визаны іске қосады
2 ай бұрын 867 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі Америка құрама штаттарының визаны қымбаттатқан сәтін ұтымды пайдаланып қалуға көшті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reuters ресурсына жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Ақ үй қожайыны Доналд Трамптың пәрменімен техникалық мамандықтарға арналған Н-1В визасын 100 есе қымбаттатқан, ал Қытай инженерлер мен STEM саласындағы, яғни, техникалық бағыттағы мамандар үшін «К» визасын енгізді. Мұндай визамен келгендер жұмыс беруші тараппен келісім-шартқа отырмай-ақ елде жұмыс істей алады. Қыркүйек айында АҚШ құзырлы органдары H-1B визасын кем дегенде 1 мың доллардан 100 мың долларға дейін қымбаттатты. Бұрын арзан кезінде мұндай визаның игілігін Microsoft, IBM, т.б. америкалық компаниялар қызығын көрген еді. Әлемнің әр түкпірінен біліктілігі жоғары мамандарды тартып, пайдасан көрді. Тіпті, өткен жылы мұндай визаны ең көп иеленген ел де болған еді – Үндістан мамандары осындай визаның 71%-на ие болды. Биліктің мұндай қадамына корпорация қожайындары мен сарапшылар наразылық білдіріп жатыр. Мәселен, Geopolitical Strategy бас сарапшысы Майкл Феллер Американың өз-өзіне ор қазғанын мәлімдеді. Тек Қытай ғана емес, сонымен қатар, Оңтүстік Корея, Германия, Жаңа Зеландия да, еуропалық елдер де техникалық мамандықтарға арнайы виза ашуды қолға алып жатыр. Десе де Қытайдың мұндай визасының талаптары мен ережесі әлі көмескі: мамандардың жасына, тәжірибесіне қатысты қандай талаптар қойылатыны белгісіз. Қандай жеңілдіктер қарастырылғаны да айтылмаған. Отбасымен келуіне рұқсат етіле ме, ол жағы да беймәлім.

0 пікір
Мұрағат