Қытай аумағынан аса ірі мұнай кен орны табылды
Қытай аумағынан аса ірі мұнай кен орны табылды
5 жыл бұрын 3764 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың PetroChina мұнай-газ компаниясы елдің солтүстік-батысынан қоры 10 млрд тоннадан асатын мұнай кен орнын тапты. Бұл жайында аталған компанияның сайтында жария етілді. Дәлірегі, мұнай кен орны Ганьсу првинциясына қарасты Ордос бассейнінен табылған. «Дәлелденгег мұнай қоры 358 млн тоннаға жетеді, ал топшыланған мұнай қоры 693 млн тоннаға бағаланып отыр. Бұл жалпы қоры 1 млрд тоннаны құрайтын аса ірі мұнай кен орнының ашылғанын білдіреді»,- деп айтылған хабарда. Осылайша, аталмыш мұнай кен орны әлемдегі аса ірі жүздеген кен орнына кірмек. Десе де бұл кен орнынан да қоры мол мұнай кен орындары табылған болатын. Мәселен, Саудия аумағындағы әл-Гауар кен орнында 12 млрд тонна мұнай қоры бар. Ал ресейдегі аса ірі Самоотлор кен орнындағы мұнай қоры шамамен 7 млрд тоннаға жетеді. Бұдан бөлек, PetroChina компаниясы ел оңтүстігінің орталығынан қоры 1 млрд текше метрден асатын тақтатас газ кен орнын тапқан болатын.

0 пікір
Мұрағат