Қытай әлемдегі ең ірі газ кен орнына ауыз салмақшы
Қытай әлемдегі ең ірі газ кен орнына ауыз салмақшы
7 жыл бұрын 7356 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран аумағындағы әлем бойынша аса ірі саналатын газ кен орны АҚШ санкциясына байланысты Қытайдың қарамағына өтпекші. Тарқатып айтқанда, аталған газ кен орнынан әлемге әйгілі Total компаниясы кетпекші. Оның орнын қытайлар басып қалмақшы. Нақтырақ айтқанда, Иран билігі оңтүстік Парс газ кен орнындағы француздардың Total мұнай алыбының үлесін амалсыздан қытайларға бермекші. 2017 жылы Total компаниясының өкілдері Иран билігімен солтүстік бөлігі Катарға қарайтын әлемдегі аса ірі Оңтүстік Парс газ кен орнын игерудің 11-ші кезеңі үшін 4,8 млрд долларға бағаланған келісім-шартқа отырған еді. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына байланысты мәміледен шыққан соң санкция күшіне еніп, батыстық компаниялар кете бастады. Еуропалықтар осылайша геосаяси одақтасы АҚШ-тан Ирандағы бизнесін қорғай алмай отыр. Аталған газ кен орны әлемдегі стратегиялық маңызы зор шикізат көзіне жатады. Оған қытайлардың иелік етуі Таяу Шығыстағы Қытайдың ықпалын арттыратыны сөзсіз. 

0 пікір
Мұрағат