Қытай адамзат дерегін су астында жасыратын болады
Қытай адамзат дерегін су астында жасыратын болады
8 ай бұрын 1467 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өз кезегінде әлемде алғаш рет мұндай құпия, мега жоба Хайнан аралы маңында жүзеге асырылады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашқы кезеңінде су астына, дәлірегі, 35 метр тереңдікке салмағы 1300 тонна тартатын конструкцияның бастапқы блогы батырылды. «Аталмыш жобаның басты артықшылығы - теңіз суын мәліметті сақтау қоймасын салқындату үшін пайдалану мүмкіндігі, бұл жайт құрлықтағы орталықтардағы ауаны желдету үшін жұмсалатын қажетті электр энергиясының құнын айтарлықтай төмендетеді», - деп мәлімдеді өзгеше жобаның бас менеджері Пу Дин. Тұтас конструкция 100 блоктан тұрады. Сарапшылардың есебінше, суасты орталығы әдетте теңіз жағалауына салынатын құрлықтағы нұсқасына қарағанда деректерді 60%-дан аса тиімді өңдей алады.

0 пікір
Мұрағат