Қыста жұмыс уақытын қысқартудың маңызы айтылды
Қыста жұмыс уақытын қысқартудың маңызы айтылды
3 жыл бұрын 3390 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты Вита́лий Валенти́нұлы Мило́нов (суретте - ред.) күн ерте бататын қысқы мерзімде жұмыс уақытын қысқартудың артықшылықтарын тізбеледі. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қыста жұмыс уақыты қысқартылса, оның айтуынша, еңбек тәртібі сақталады, қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекке деген ынтасы артады әрі мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы саясатын жақсартады. Оның үстіне, күз бен қыс мезгілдерінде қолайсыз ауа райына байланысты жұмысқа барып келудің өзі машақат. Бұл азаматтардың эмоциялық жай-күйіне де, денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Сегіз сағаттық жұмыс кестесі тоң боп қатып қалған қағида емес, оңтайлы жұмыс кестесіне көше отырып, азаматтардың отбасылық өміріне назар аударуына жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек, негізінде азаматтар сегіз сағат емес, шындығында, 10-11 сағат жұмыс істеген болып шығады, неге десеңіз, қызметкерлер мен жұмысшылардың жұмысқа барып-келу уақыты ескерілмеген. Ал бұл жайт батыс елдерінде ескерілген. Яғни, жұмысқа барып-келуге кететін жолдағы уақыты да жұмыс күні ретінде есептелуі тиіс.                                                            

0 пікір
Мұрағат