Қырғызстандағы мұсылман зиратында ескерткіш орнатуға тыйым салынды
Қырғызстандағы мұсылман зиратында ескерткіш орнатуға тыйым салынды
2 ай бұрын 1296 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com, автор: stockfilmstudio

Қырғызстан басшысы «Жерлеу және жерлеу істері туралы» Қырғыз Республикасының заңнамасын іске асыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Akipress.org ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Аталған республика президентінің баспасөз қызметі әр адам дүниеден қайтқаннан кейін әдет-ғұрып мен салт-дәстүрді және діни жоралғыларды сақтай отырып, өз қалауына сәйкес жерленуге құқылы екенін атап өтті. Десе де жерлеу рәсімінде атқарылатын салт-дәстүр мен әдет-ғұрып және діни жоралғылар көпшілік мойындаған немесе жалпыға ортақ морал мен әдепке қайшы келмеуі керек. Тұрғындарының денін мұсылмандар құрайтын қырғыздарға марқұмды ақтық сапарға шығарып салу кезінде , дәлірегі, дүние салған адам мәйітін жер қойнына тапсырғаннан кейін марқұмның басын көктас қойып қарайтуға, дәлірегі, ескерткіш түрінде белгі қоюға қатаң тыйым салады. Қырғыз билігінің мұндай қадамға баруына, соңғы жылдары етек алған жағымсыз үрдіс себеп болып отыр. Атап айтқанда, шектен тыс ысырапшылдық, мақтангөйлік, гранит, мәрмәр секілді қымбат тастардан ескерткіш тұрғызу, сән салтанаты патша сарайын еске түсіретін темір қоршаулар қоғам құндылықтарына қайшы келеді. Мұндай қымбат тұратын материалдар тек тарихи-мәдени маңызы зор қабірлерге қойылуға ғана рұқсат етіледі.

0 пікір
Мұрағат