Қырғызстанда телефон арқылы талақ айту көбейген
Қырғызстанда телефон арқылы талақ айту көбейген
8 жыл бұрын 3464 E-ISLAM

Қырғызстанда ислами білім мен дін қызметін реттеу жұмыстары жалғасуда. БҰҰ ерте некелесу мәселесі жөніндегі қорының отырыста шариғат нормалары бойынша ажырасу кезіндегі әйел құқықтары талқыға түсті.

«Бізге әйелдеріне телефон арқылы үш рет «талақ» сөзін смс арқылы жолдайтын жағдайлар туралы ақпараттар жиі түседі. Ажырасудың бар процесі осымен шектелді. Осындай талақтан кейін күйеуінің туыстары әйелді үйден қуып жібереді» дейді қор өкілі Нора Сүйінәлиева.

Қырғызстан сондай-ақ «уақытша некені» қолдануға тойтарыс беру бойынша да арнайы заң қабылдауды жоспарлап отыр. Енді ресми дін өкілдері некелесуші тараптарды АХАЖ-да тіркеуден өтпеген жағдайда некесін қимауы міндеттеледі. Жоғарғы кеңес депутаттары әзірлеп жатқан заң жобасын кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы некеге тыйым салу мәселелері де қамтылады.

3 пікір
  • Сондықтан, ата-бабамыз "үйлену оңай, үй болу қиын" деген. Шешелеріміз айтқандай, "көрмегенді көріп, көн тулағыңды" салып барып, талай қиындықты өткеріп барып үй боласың.
    8 жыл бұрын
  • Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.
    8 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасың, Жасұлан. Мен бір жігітті танимын. Бізге құда болып келеді. Сол жігіттің жастау кезінде алған әйелі салақтау, аздап мінезділеу болып шығады. Екеуі ұзаққа тіл табыса аламй, ренжісіп, бір қосылып, бір ажырап жүргенде, 2-3 балалы болып қалады. Жұрт, туған-туысы оған "таста, басқа әйел ал, өлмелі әкеңе, саған қарайтын, бір тамағын тәтті етіп дайындайтын, келген адамды күліп қарсы алып, күліп шығарып салатын әйел", - деп үгіттейді. Ол кезде өлмелі әкесі болады. Үй-ішін барып, абысындары тазалап, тамағын істеп беріп жүреді. Жұмыстан қолы боста, үйін өзі ақтап, іші-сыртын өзі сылап, тазалап, әкесінің, бала-шағасының кір-қоңын өзі жуатын болады. Ал әйелі бірін істесе, біріне үлгере алмайтын, жайбасарлау, істесе де, ретін таппайтын салақтау болады. Екеуі ұзақ уақыт ажырасып, бірде келіп, бірде кетіп жүреді. Сөйтіп жүргенде, құдамыз намазға жығылады. Сол күннен бастап, әлгі жігіт күрт өзгерді. Бұрынғы бұрынғы ма, енді ол біржола үй-ішінің де, сырттың да жұмысын мойнына алады. Әйелі тек бірінен кейін бірін бала босанудан қолы тимейді. Өзі жалғыз бала еді, сөйтіп үйірі көбейді, мың болғырдың. Түнде ауысымнан шығып келеді де, әйелі ашытып қойған нанды пісіреді. Малын жайғайды. Бала-шағасымен үйін тазалайды, есігін алдын сыпырып, пешін жөндейді. Әйтеуір, кешкісін жұмысқа кеткенше, тыным таппайды дейді туыстары. Әйелі байғұс бір жағында жүреді ғой. Бірақ түк қатырмайтын көрінеді. Сөйтіп жүріп әйеліне намаз үйретіпті. Әкесін арулап, көміпті. Жалғызға әке-шешесін көму дегеннің ауырлығын айтсаңызшы. Жалғыздың аты жалғыз ғой. Қанша туыс-туғаны болғанмен, "тас түскен жеріне ауыр". Содан әйтеуір екеулеп жүріп, балаларын ержіткізіпті. Әйелі айтатын көрінеді: "намазға жығылғалы бері ұрыспады маған" деп. Ақыры, сол әйелді мейірімділікпен, өзінің ұстамдылығымен тәрбиелеп алыпты дейді туыстар. Қазір "кім жақсы, Алтекең жақсы", 8 баласы бар- ұлды-қызды, бәрі өскен, біріне бірі көмекші. Шешесінің кем-кетігін білдірмейді. Үйі жинаулы, төсегі салулы, тамағы дайын. Тағысын тағылар... Міне, өмірдің өзі- ұстаз адамға. Сол төзімнің, сабырдың, жылы сөздің, түсіністіктің арқасында құдамыз отбасын сақтап қалды. Енді құдағи екеуі қолдарын ыстық суға малып отыр. Жасұлан, сенікі әбден дұрыс. Қандай бір сынақ болса да, өзімізден іздеуіміз керек. Соны ескере отырып, артық-кем жерімізді түзетуге тырысуымыз керек. Сонда ғана отбасы сақталып қалады.
    8 жыл бұрын
Мұрағат