Қырғызстанда салтанатты шеруге шектеу қойылатын болды (видео)
Қырғызстанда салтанатты шеруге шектеу қойылатын болды (видео)
10 жыл бұрын 3731

Қырғызстанда парламент депутаттары үйлену тойындағы салтанатты шеруге қатысатын автокөліктердің санын шектеу турасында мәселе көтерді. Нақтырақ айтқанда, олардың санын бесеуге дейін қысқартуды көздеп отыр.

Осы мәселеге қатысты заң жобасында қарастырылғандай, мұндай шектеу үкіметтік шаралар мен жерлеу рәсімінде қолданылмайды. Басқа жағдайларда аталмыш шектеуден асырылатын болса, заңмен қудаланады. Немесе құзырлы орындардан арнайы рұқсат алуы тиіс. Бұл жолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты қолға алынып отырған шара. Десе де, билік басында отырғандардың бәрі бірдей мұндай шектеуді құптамаған көрінеді. Мәселен, ел президентінің өкілетті өкілі Молдақұн Әбділдаевтың айтуынша, мұндай шектеу конститутция талаптарына қайшы келеді. Конститутция бойынша әр азамат өз дүние-мүлкін пайдалануға құқылы.

0 пікір
Мұрағат