|
Қырғызстанда мектептегі білім беру жүйесін шариғатқа сәйкестендіруді қалап отыр
|
Қырғызстанның бұрынғы мүфтиі Шұбақ Жәлелов мектеп қабырғасындағы білім беру жүйесін шариғат талаптарына сәйкестендіру қажеттілігіне тоқталып, мәлімдеме жасады. Осы тақырыпта өткізілген үстелбасы әңгімеде балаларын мектепке жібергісі келмейтін діндар отбасылардың мектептегі білім беруге қарсы еместігін, тек осы білім беру жүйесіндегі жағдайға наразы екенін жеткізді ол. "Бұл мәселенің ең маңызды тұсы - ұл және қыз балаларды бөлек оқыту. Олардың бірігіп оқитыны ата-аналарды балаларын мектепке жібермеуге итермелеп отыр",- деді ол. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты. Осылай дей келе ол білім алудың исламда ерлерге де, әйелдерге де қажетті екенін ескертті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті