Қырғызстанда ислам банк ашылуы мүмкін
Қырғызстанда ислам банк ашылуы мүмкін
8 ай бұрын 990 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бахрейнге алғаш рет ресми сапармен барған қырғыз басшысы Садыр Жапаров аталған араб елінің көмегімен Қырғыз республикасында ислами банкті ашу мүмкіндігін қарастырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде президент әкімшілігіне жөн сілтеген trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастама Бахрейн орталық банкінің директорлар кеңесінің төрағасы Хасан Халифа әл Жалахмамен кездесу кезінде көтерілді. Қырғыз президентінің айтуынша, елде ислам қаржы мекемелерінің қызметіне сұраныс артып келеді. Елде ашылуы ықтимал ислам банкі тек қырғыздардың ғана емес, сонымен қатар, күллі Орта Азияның 80 млн тұтынушысы бар нарықты қамтуы мүмкін. Осылай деген ол елде ислами қаржының дамуына құқықтық негіз жасалып жатқанын жеткізді. Осы орайда қырғыздардың таңдауы неге Бахрейнге түсті деген сауал туындайды, Садыр Жапаровтың сөзіне сенсек, Бахрейн Таяу Шығыс аймағы бойынша бұл салада көш бастап отыр. Бахрейн тиімді экономикалық саясат жүргізе отырып, аталған аймақтың қаржы орталығына айналған. Бахрейннің орталық банк жетекшісі өз кезегінде Қырғызстанның орталық банкімен және өзге қаржы мекемелерімен бұл тарапта ынтымақтасуға және тәжірибелерін бөлісуге дайын екенін жеткізді. Соның ішінде қырғыз мамандарының біліктілігін көтеруге атсалысатынын да жасырмады.

0 пікір
Мұрағат