Қырғызстанда баланы анасының атына жаздыруға заң жүзінде тыйым салынды
Қырғызстанда баланы анасының атына  жаздыруға заң жүзінде тыйым салынды
1 жыл бұрын 993 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: collab_media

Қырғыз республикасының конституциялық соты қоғамның осыдан бірер ай бұрын енгізген жаңашылдықты қабылдай алмауына байланысты баланы анасының атына жаздыруға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің конституциялық сотының ресми сайтына жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Өзгерту енгізу туралы шешім түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды және жарияланған күннен бастап күшіне енеді», - делінген құжатта. Сондай-ақ, құжатта бұл тыйымды елдегі барлық мемлекеттік мекемелердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың орындауы міндетті екені айтылған. Биыл жазда Конституциялық сот бұл мәселе бойынша бір-біріне қайшы шешім шығарып, ел азаматтарына кәмелеттік жасқа толған соң әкесінің атын немесе анасының атын өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді. Бұл шешім ұлттық парламент депутаттары мен басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің наразылығын тудырды әрі конституциялық соттың сынның астында қалуына себеп болды. Өйткені, бұл шешім ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамның ұстынамына қайшы келетін еді.

0 пікір
Мұрағат