Қырғыздар мәйітті союдың міндетті тәртібін бекітті
Қырғыздар мәйітті союдың міндетті тәртібін бекітті
4 ай бұрын 683 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанның министрлер кабинеті мәйітті сою процедурасы міндетті түрде өтуі тиіс жағдайларды анықтап берді, дәлірегі, міндетті патологоанатомиялық сою тәртібін бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі барлық нормативтік актілерді жаңа талаптарға сәйкес келтіретін және оларды орындау үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді. Түсіндірме жазбада жаңа ереженің медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға, өлімнің нақты себептерін анықтауға, диагностикадағы қателерді анықтауға және аурулар бойынша шынайы статистиканы қалыптастыруға бағытталғаны айтылған.

Денсаулық министрлігінің ережесіне сәйкес мәйіт мына жағдайларда сойылады:

-        Адам аяқ астынан қайтыс болса;

-        Ауруы анықталмаған күйінде дүниеден озса;

-        Медициналық қателіктен көз жұмса;

-        Қоршаған ортаға қауіп төндіретін инфекциялық дерттен қаза тапса;

-        Зорлық-зомбылықтан жәнтәсілім еткендігін білдіретін белгілер (мәселен, соққының ізі) пайда болса.

Процедура кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығы басшылыққа алынады.

0 пікір
Мұрағат