|
Филиппин Орталық банкі банктер мен электрондық әмияндарға қосымшалардағы құмар ойындарға тыйым салуға пәрмен берді
|
Филиппиннің орталық банкі елдегі қаржы мекемелеріне қосымшалардағы құмар ойындарды ұсынатын сілтемелерді және өздерінің қолданбалары мен веб-сайттарын жоюға пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елдің орталық банк қадағалайтын қаржы мекемелері екі тәуліктің ішінде бұл талапты орындауы тиіс. Филиппин орталық банкін мұндай қадамға онлайн режимдегі құмар ойындарға деген сұраныстың артқаны, дәлірегі, тұтынушылардың денсаулығы мен отбасына тигізер зардабы, сондай-ақ, әлеуметтік шығынның артқаны итермеледі. Бұл шектеу шарасы онлайн-гемблингке арналған төлем қызметіне қатысты саясатын әзірлеп болғанша қолданылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды