Қырғыздар кәмелет жасына толғандарға анасының атына жазылуға рұқсат берді
Қырғыздар кәмелет жасына толғандарға анасының атына жазылуға рұқсат берді
1 жыл бұрын 1200 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан республикасының конституциялық соты ел тұрғындарына әкесінің орнына анасының атын алуға рұқсат беріп отыр. Алайда, анасының атын алғысы келетіндер (мысалы, Гүлжанұлы Берік немесе Дариғақызы Сандуғаш) кәмелет жасына толған соң ғана мұндай мүимкіндікке ие болады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті шешім балаларының құжаттарында әкесінің атының орнына анасының атын көрсету мүмкіндігін беруді талап еткен әйелдің өтінішін қарау аясында қабылданды. Әйелдің өтініші қанағаттандырылған жоқ, өйткені, баланың мүддесіне нұқсан келтуі мүмкін. Себебі, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-сана үстемдік құрған қоғамда анасының атын алған бала буллингтің (мазақ пен табалаудың) құрбанына айналуы мүмкін. Конституциялық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бала құқығы ата-ана құқығына қарағанда басымдыққа ие болуы тиіс әрі мемлекет қорғауында болады. Есесіне ақыл-есі толысқан соң балаға таңдау беріледі. Есейгенде өзі шешеді.

0 пікір
Мұрағат