Қырғыз мұсылмандары шариғи ипотека бойынша үй алады
Қырғыз мұсылмандары шариғи ипотека бойынша үй алады
3 жыл бұрын 2349 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан азаматтарында шариғат талаптарына сай жолмен несиеге үй алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы ислами ипотека жобасына қаржылай қолдау көрсететін «Мемлекеттік ипотекалық компанияның» сайтына (gik.kg) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ақпарат көзінде айтылғандай, «Мемлекеттік ипотекалық компания» ашық акционерлік қоғамы тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларға «Бақай банк» ашық акционерлік қоғамының ислами қаржы орталығы арқылы шариғат талаптарына сай келетін ипотекалық өнімдер үшін инвестициялық қаражатты ұсынатын болады. негізінде бұл қаражат мемлекет бюджетінен бөлінген. Ел тұрғындарын салыстырмалы түрде арзанға түсетін баспанамен қамтамасыз ету үшін. Осылайшы қырғыз мұсылмандары замануи банк жүйесі арқылы шариғат талаптарын сақтай отырып өзін баспанамен қамтамасыз етуге қол жеткізе алады. Қырғызстан зайырлы мемлекет дегенмен, тарихы мен салт-дәстүрі қадым заманнан исламмен біте қайнасқан ел. Соған қарамастан Telegram арналарында бұл бастама қатаң сынға ұшырап жатыр: өзге ұлттар мен ұлыстардың үйге мұқтаждығы ескерусіз қалды, деген сарындағы айыптаулар тағылып жатыр. Дәлірегі, бұл бағдарлама тек мұсылмандарға ғана тиесілі ме, деген сауал қойылып жатыр.

0 пікір
Мұрағат