Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады
Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады
1 ай бұрын 1307 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан мүфтияты (мұсылмандар діни басқармасы) елдің әр түкпірінде дін үшін қызмет етіп жүрген имамдарды отандық Chevrolet автокөлігімен қамтамасыз етеді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Имамдар отандық өнімді қызмет бабында пайдаланып, жұмыс тиімділігін арттыруы тиіс. Алғашқы жиырма имам темір тұлпарға мінді. Көп ұзамай тағы осынша имам автокөлікке ие болмақ. Осы орайда аталған республикада «Діни саладағы бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы қырғыз қоғамында қызу талқыланып жатқанын айта кетпекпіз. Соның ішінде бет-жүзді жасыратын немесе тұмшалайтын киімді қоғамдық ортада киіп жүруге тыйым салуға (айыппұл салу қарастырылған), діни ұйымдардың мемлекеттік билік органдарының жұмысына аралсуға тыйым салуға, сондай-ақ, адамды наным-сеніміне қарай кемсітуге немесе құқығын шектеуге тыйым салуға қатысты өзгертулер қарастырылып жатыр. Мемлекеттік дін істері жөніндегі комиссия әзірлеген аталмыш заң жобасы қоғамды бей-жай қалдырмады.

0 пікір
Мұрағат