Қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын көтермек
Қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын көтермек
3 жыл бұрын 1600 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан билігі қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 13-тен 14-ке көтеруді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өзбек бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде аталған елде қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы – 13. Тиісті түзетулер өзгертулер Өзбекстан республикасының қылмыстық кодексіне енгізіледі. Әзіргі аталмыш заң жобасы парламенттің төменгі палатасында қаралып жатыр. Осы орайда әлемнің көптеген елінде қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы 14-тен басталатынын айта кету керек.

Еліміздегі қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы туралы

surak.baribar.kz дерек көзінен:

Қылмыстық Кодекске сәйкес қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққақасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап, екінші, үшінші бөліктер), тонаушылық (178-бап, екінші, үшінші бөліктер), қарақшылық жасағаны (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап, екінші, үшінші бөліктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгенi (185-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), терроризм актісі (233-бап), адамды кепiлге алғаны (234-бап), терроризм актiсі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (242-бап), қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (257-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлердi қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiк), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (299-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады.

 

0 пікір
Мұрағат