Құрбан айтты «көңілді қан қасап» деп атаған әйел жазаланды ма?
|
Мысыр прокуратурасы әлеуметтік желіде исламның негізгі ұстындарының біріне тіл тигізген Фатима Наут есімді жазушысымақ әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол үстіміздегі жылдың қазан айында Facebook-тағы өзінің парақшасында Құрбан айтты «Көңілді қан қасап!» деп атаған болатын. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. «Қанды қасап, міне, он ғасыр бойы жалғасып келе жатыр және жыл сайын адамдар мұны шімірікпей, езулеріне күлкі үйіріліп істейтінін қайтерсің. Жыл сайын қайталанатын бұл қанды қасап пайғамбарлардың бірінің ұлына қатысты бастан кешкендері үшін орындалып келеді. Пайғамбар мен оның ұлының уайымы артта қалғанымен жыл сайын төрт түлік осынау қаасиетті сұмдық үшін құрбан болады»,- деп көсілген екен ол. 50 жаастағы әйелге құдайға тіл тигізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, Пирамидалар елінің атазаңында ислам, христиан және иуда діндеріне тіл тигізуге тыйым салынған.