|
Құрбан айтта он күн демалады
|
Биыл қасиетті Құрбан айттың құрметіне орай түріктер аттай 10 күн демалады. Түркияның министрлер кабинеті осындай шешім қабылдап, халықты бір жарылқап тастады. Бұған қоса, мереке және осы мерекеге орай берілген демалыс күндері халықаралық маңызы бар стратегиялық автожолдар мен көпірлерден өткені үшін ақы алынбайды. "Егей" туристік қауымдастықтың төрағасы Мехмет Ишпердің айтуынша, қасиетті мереке күндері Түркияға миллиондаған турист келеді. Әлемнің әр түкпірінен. Қазірдің өзінде ел аумағындағы қонақ үйлердің 90 пайызы брондалып қойған. "Туризм мен сауда-саттық саласындағы кәсіпкерлердің мұрты бір майланып қалатын болды",- деді Түркия премьер-министрінің орынбасары Бәкір Боздақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Берік әрі экологиялық жағынан зиянсыз тасжол балдырдан жасалды
■
Бақадан қатерлі ісікке қарсы бактерия табылды
■
Азия елі ұйқы режимінің бұзылуынан жылына 6 млрд доллардан аса шығын көреді