Құқық қорғаушылар: "Иммундық төлқұжат концепциясының кемшілігі - кемсітушілікке жол береді"
Құқық қорғаушылар: "Иммундық төлқұжат концепциясының кемшілігі - кемсітушілікке жол береді"
5 жыл бұрын 2498 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Чилиде қолданысқа енгізілген иммундық төлқұжат концепциясы кемсітушілікке жол ашады. Бұл жайында CGTN ақпарат көзі хабар таратты.

Чилиден кейін іле-шала Еуропаның бірқатар алдыңғы қатарлы елі «COVID-19 денсаулық төлқұжаты» деп аталатын куәлікті енгізбек. Бұл шара мәжбүрлі блокаданы тоқтатып, туристердің саяхаттауына және іскер азаматтардың бизнесін жүргізуіне мүмкіндік бермек. Осылайша экономиканың пандемия салдарынан тоқырап қалған салаларына ан бітірмек. Десе де сарапшылардың дені аталмыш тәжірибеге қырын қарап отыр. Олардың уәжіне қарағанда, бұл шара кемсітушілікке жолы ашып, қоғамда жік тудырады. Өйткені, денсаулық құжаты жұқпалы індеттен емделіп шыққан азаматтарға беріледі. Чили денсаулық сақтау министрлігі мәлімдегендей, иммундық төлқұжат шетел асуға, елге келуге қажет. COVID-19-ға тест тапсыру нәтижесі тіркелетін деректер базасымен байланысты интерактивті қосымша бойынша пайдаланушыға үш деңгей белгіленеді: қызыл, сары және жасыл. Қызыл кодты адам саяхаттай алмайды. Ал сарысына ие азаматтар саяхаттай алады, алайда, міндетті түрде карантинді сақтайды. Үшіншісіне – жасылына келсек, карантин сақтамай-ақ емін-еркін саяхаттауға мүмкіндік береді. «COVID-19 медициналық төлқұжатын алғысы келетіндер арнайы өтінішін береді. Ал саяхатқа шыққыса келетіндер температура скринингтен өтіп, денсаулық сақтау органдарының сауалына жауп беруге міндетті»,- деп айтылған аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайтындағы хабарламасында. Германия, Италия, Ұлыбритания және АҚШ  экономикасын жандандыру үшін бұл тәжірибені қолданып көруді ойластырып отыр. Германияда иммундық сертификат Roche деп аталатын швейцариялық медициналық компаниядан антитела тестіне арналған комплектіні алғаннан кейін қолданысқа енгізуді көздеп отыр. Өзге де еуропалық елдер жұқпалы індеттің таралу аумағын қадағалау үшін тәжді тажалмен байланысты антителаны тестілеуды кеңінен пайдалануға бел байлап отыр. Мұндай тәжірибені жақтайтын саясаткерлер мен сарапшылардың айтуынша, вирусқа қарсы жеткілікті иммунитеті бар азаматтардың жүріп-тұруына қандай да бір шектеу қойылмауы тиіс. Алайда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұндай тәжірибенің негізі әлсіз екенін алға тартып, арнайы ғылыми резюме шығарды. Осыған қарағанда мұндай тәжірибенің сенімділігі мен дәлдігі күмән тудырады. Бұдан бөлек, мұндай тәжірибе жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың белең алуына түрткі болуы мүмкін. «Онсыз да бар әлеуметтік-экономикалық, нәсілдік және этникалық теңсіздік мұндай сертификатқа заңдық сипат берілгенде күшейіп кетуі ықтимал»,- деп мәлімдеді Джорджтаун университетіндегі медициналық орталық маманы Александра Л. Фелан The Lancet ақпарат көзіне берген түсініктемесінде.

Қарай отырыңыз:

«Иммунитет төлқұжаты» енгізіледі» (сілтемесі: http://www.islam.kz/kk/news/alem/immunitet-tolqujaty-engiziledi-13541/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат