Құқық қорғаушылар британдық үкіметтік емес ұйымдардың Ауғанстанға гуманитарлық көмекті қандай мақсатта жұмсағанын анықтады
Құқық қорғаушылар британдық үкіметтік емес ұйымдардың Ауғанстанға гуманитарлық көмекті қандай мақсатта жұмсағанын анықтады
2 жыл бұрын 1646 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның жәрдемге ықпал ету жөніндегі тәуелсіз комиссиясы (Independent Commission for Aid Impact) Ауғанстанда жұмыс істейтін британдық үкіметтік емес ұйымдардың жүздеген миллион фунт стерлинг гуманитарлық көмекті қалай және не үшін жұмсағаны туралы тергеу және тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ұйым әлеуметтік мәселелерді шешуге ресми түрде бөлінген 305 миллионның 252 миллионы шын мәнінде полиция мен көтерілісшілерге қарсы әскери операцияларды қаржыландыруға жұмсалған деген қорытындыға келіп отыр. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек қаражатына сатып алынды деп есепте келтірілген құрал-жабдықтардың «ұрлығы» әшкере болды. «Олар жемқор полицияны, қатыгездікті, бопсалауды, азаптауды, адам ұрлауды, зорлауды, сотсыз қамауға алуды және кісі өлтіруді қаржыландырды», - деп хабарлады тәуелсіз комиссия. Құқық қорғау ұйымының пікірінше, британдық гуманитарлық көмектің пайдасын көрген жалғыз сала – әйелдер білімі. «Ауғанстанда жұмыс істейтін гуманитарлық миссиялар көптеген адамдардың, соның ішінде әйелдер мен қыздардың өміріне өзгеріс енгізу үшін көп күш салғаны анық. Бірақ, бұл қаржы Ауғанстан мемлекеттілігіне нұқсан келтіріп, ақыры оның күйреуіне әкелетін істерге жұмсалды. Гуманитарлық көмектің қауіпсіздік күштерінің әрекетін қаржыландыруға бағытталғаны қынжылтады», - деп мәлімдеді ұйым басшысы Һиу Бейли.

0 пікір
Мұрағат