Құдай үйіп-төгіп бір-ақ берді
|
АҚШ-тың Юта штатында тұратын Эшли және Тайсон Гарднер отбасы сегіз жыл сергелдеңге түсті. Нақтырақ айтқанда, америкалық жұп сегіз жыл бойы бір перзентке зар болып келген еді. Ендігі жерде, құдай қаласа, олар төртемнің ата-анасы болады. Бұл жаңалыққа сенер-сенбесін білмеген жұп бақыттан бастары айналып, УЗИ нәтижесін көрсететін фотосуретті әлеуметтік желідегі өздерінің парақшаларында орналастырды. Қуаныштарын әлеммен осылайша бөлісуді қалаған екен. Мұндайда аянып қалсын ба, әлем жұртшылығыда оларға тілектерін жаудырып жатыр. Бұл жайында NBC News ақпарат көзі хабар таратты. «Біз осыншама әйгілі боламыз деп ойламаған едік, бұған да шүкір. Менің тәжірибесіздігімен ғой, ана болғысы келетіндер бедеулікті шешудің жолдарын қарастырып, мақсаттарына қол жеткізер еді немесе мезгілінен бұрын салы суға кетпес еді», - деді Эшли. Ол эндометриоздың кесірінен бедеу болып қалған еді. Дәстүрлі емдеу тәсілінен қайран болмады. Америкалық жұп ЭКО-ның көмегіне жүгінуіне тура келген. Мұның өзіне 12 мың доллар кеткен. Бұл қаржыны өз қалталарынан төледі. «Бәрінде мұндай ақша қайдан болсын. Бізге де қиын соқты. Алайда, перзент сүю үшін бәріне де дайын едік»,- деді Тайсон. Эшлидің аяғы ауырлағанына 18 апта өтті. Қазіргі уақытта америкалық жұп құрсақта жатқан төрт қызына қандай есімдер қоятынын ойластырып жатыр.