Қорлап отырып, құрмет көрсеттік деп ойлайды (фото)
|
Индонезияның оңтүстік Сулавеси таулы аймағын «тораджи» деп аталатын ұлыс өкілдері мекендейді.
Олар анимизм нанымын (жаны бар заттардың ғана емес, жансыз заттардың және құбылыстардың рухани тегі болады деп сенеді) ұстанады. Соқыр сенімге негізделген сорақылықтардың бірі өлік жөнелту рәсімдерінде көрініс тапқан. Адам мәйітін қорлаудан асқан бұдан өткен сорақылық жоқ шығар: көктей солған балаларды тал-ағашқа жерлеу, мумияға айналып кеткен адам сүйегін сәндеп көпшілік көретін жерге қою, т.б. Мәйітке құрмет көрсетіп отырмыз деп, қорлық көрсететінін өздері де сезбейді-ау. Соқыр сенім саналарын әбден тұмшалап тастаған. Тораджилер үшін жерлеу рәсімі қоғамдық сипаты бар ең маңызды оқиға болып табылады. Ол бірнеше күнге созылады.
2. Өлік жөнелтуге қажетті қаражат жиналғаннан кейін тиісті рәсім басталады: енеке мен доңыз сойылады. Құрбандық шалу кезінде ән шырқалып, би билейді. Ал жас жігіттер мен бозбалалар ауызындағы іші қуыс бамбук таяқшасымен құрбандыққа шалынған жануардың аққан қанын сорады. Өлген адамның көзі тірісінде дәрежесі қаншалықты жоғары болса, соғұрлым көп жануар құрбандыққа шалынады. Құрбандыққа ондаған жануар шалынуы мүмкін. Осыдан кейін олардың етін жерлеу рәсіміне келгендерге таратып береді.
Содан соң өлікті жер қойнына тапсыру рәсімі өтеді. Десе де, оларды жер қойнына беруі сирек кездеседі. Жартасқа жерлейді немесе ағаштың жасалған табытқа салып, биіктеу жерге іліп қояды.
4. Биіктеу жерге ілінген мәйіттің еті біршама уақыттан кейін табыттың саңылауынан жерге ағып кетеді.
Ал, балаларды ағаштың қуысына жерлейді. Егер бала тісі шықпай жатып өмірден озса, оны матаға орап, өсіп тұрған ағаштың қуысына жасырады. Бір ағаштың өзінде бірнеше бала жерленуі мүмкін.
Келесі жылы келіп, әр жылдың тамыз айында мумияға айналған адам сүйегін сәндеп, киіндіріп, "Ма’Нене" рәсіміне қатыстырады. Оларды ауылдың қақ ортасымен алып жүреді. Ел көруі үшін.
Осы жерлеу рәсімін тамашалау үшін әлемнің әр түкпірінен туристер мен антропологтар қаптап келеді.