Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сауда айналымы $18 млрд-тан асты
|
Baq.kz ақпарат көзі хабарлағандай, Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сауда айналымы 18 миллиард 85 миллион долларды құрап отыр. Бұл туралы қаңтар айының 14-і күні Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлiмдедi.
– Кеден одағымен өзара саудамыз өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 18 миллиард 85 миллион АҚШ долларын құрап, ағымдағы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға азайды. Жалпы көлемнің ішінде 96,5 пайыз Ресей Федерациясына тиесілі. Ал, қалған 3,5 пайыз Белоруссиядан келеді, – деді Ә. Смайылов.
Статистика агенттігінің төрағасы сонымен қатар, Кеден одағы елдерімен экспорт және импорттың көлемінен статистикалық деректер келтірді.
Экспорт:
минералды өнімдер – 44%
металдар мен олардан жасалған бұйымдар – 27,6 %
химиялық өнеркәсіп өнімдері –12,2 %
Импорт:
машина және оның жабдықтары – 32 %
минералды өнімдер – 14 %
металдар мен олардан жасалған бұйымдар – 13, 2 %
химиялық өнеркәсіп өнімдері –13,5 %
Одан бөлек, Қазақстанның Ресей мен Белоруссияға машина және оның жабдықтарын экспорттаудан 5,5 пайыз үлесі бар.