Қазанда мұсылмандар кинофестивалі шымылдығын ашты
Қазанда мұсылмандар кинофестивалі шымылдығын ашты
10 жыл бұрын 3249 ansar.ru

Қазан мұсылман кинофестивалі жылдан жылға танымал болып келеді. Сондай-ақ бұдан ары қарай да дами түспек. Бұл туралы кинофетивалдің ашылуына байланысты өткен пресс-конференцияда Ресейдің мүфтилер кеңесінің мүшесі, мүфти Равил Гайнутдин мәлімдеді. 

"Он жылдан кейін біздің фестиваліміздің танымал болып үлгергенін көреміз. Биыл әлемнің 56 елінен 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Оны тек мұсылман елдері ғана емес, батыс елдері де көріп, біліп отыр", - деп атап өтті Равил Гайнутдин мырза. 

"Бұл фестивалде іріктеу комиссиясы бірлік, бейбітшілік, сыйластық, ынтымақтастық, дінде табандылық таныту секілді өзекті мәселелерге баса назар аударып отыр. Бұл әрине қуантады. Біз зорлық-зомбылықты, қантөгіс идеологиясына қарсы жұмыс жасап жатырмыз", - дейді Қазан кинофестивалінің директоры.

Фестивалдың ашылуына Татар мәдениет министрінің бірінші орынбасары Ирада Аюпова және басқа да танымал кино майталмандары келді.

1 пікір
Мұрағат