Қаза тапқан үйсіз-күйсіз қаңғыбастардың сүйегі өртелуі мүмкін бе
Қаза тапқан үйсіз-күйсіз қаңғыбастардың сүйегі өртелуі мүмкін бе
6 жыл бұрын 3799 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамды ақтық сапарға шығарып салудың, яғни, жерлеудің баламалы тәсілі – кремирлеу әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде, дамыған елдерде кеңінен қолданыла бастады. Бұған ең алдымен жер тапшылығы себеп болуда. Сөз орайы келгенде айта кетсек, кремация процесі кезінде адам мәйіті өртелетін пеш ішіндегі температура Цельсия бойынша 870-тен 1090 градусқа дейін ысиды. Осыншалықты жоғары температура әсерінен мәйіттің денесі барынша ыдырайды. Бұл процесс кремациялық пештің пішіні мен үлгісіне байланысты. Әдетте кремация процесі бір жарым сағаттан екі сағатқа дейін созылады. Артынан адамның өртелген сүйегі барынша ұсақталып, күлге айналдырылады. Содан соң арнайы ыдысқа салып, туған-туыстарына табыс етіледі. Я болмаса уақытша сақталады, арнайы бөлінген алаңға шашылады. Мамандардың айтуынша, кремациялау дәстүрлі жерлеу рәсіміне қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Бұдан бөлек, болашақта болуы мүмкін жер тапшылығының алдын алуға септігін тигізбек. Бішкеке қаласындағы мазардағы адам жерлейтін орын тегін дегенмен марқұмды ақтық сапарға шығарып салу жөн-жоралғысы тым қымбатқа түседі. мәселен, мұсылман марқұмның қабірін қазу, басын қарайту, т.б. 7 мың 294 сом қаражатты шығын етеді. Ал христианша жерлеу ғұрпында бұл қаражат 5 мың 721 сомды қажет етпек. Нақтырақ айтқанда, Ала-Арша бейітінде жерлеу рәсіміне 15 мың 657 сом жұмсалады екен. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу кезіндегі тасымалдау мен өзге шығындарды есептемегенде. Қазіргі уақытта Қырғыз астанасында крематория жоқ. Мәскеу крематориясынан цифр алдыртады. Бір адамды кремациялау құны – 4-5 мың рубл. «Қырғызстан аграрлы ел болғандықтан ауыл шаруашылығы негізінен мал өсіруден тұрады. Жыл сайын мыңдаған бас өледі. Соның ішінде, сібір жарасы, бруцеллез, туберкулез секілді қауіпті аурулардан қырылып жатады. Кейде құтыру ауруының адамға жұғу қатері жоғары»,- деді Бішкекте ритауалды қызмет көрсетумен айналысатын агенттік жетекшісі Әскербек Әлиев. Бүгінгі таңда арам өлген малдың сүйегін «Беккари» арнайы орынға көмеді. Санитарлық талап бойынша мұндай орындар тұрғын үйлер мен мал, құс өсірілетін аумақтан, су көзінен, жайылымнан, жолдан, т.б. кем дегенде 500 шақырым қашық болуы тиіс. Ауру таратпасы үшін. Әскербек Әлиев айтпақшы, аса қауіпті Сібір жарасы топырақта 100-200 жыл жойылмай жатады. Бұдан бөлек, ота жасату арқылы сылынып алынған қатерлі ісік, індет жұқтырған адамның өзге ағзалары, инфекциялық аурулар бтологиялық қалдыққа жатады. Оларды да өртемей арнайы жәшікке салып, жерге көмеді. Мәселен, 2018 жылдың он айында 210 биоқалдық жәшігі жерге көмілген. Олардың әрқайсысы 80 келі тартады. Ал қыстың көзі қырауда далада қалып қатып, үсіп өлетін қаңғыбастар мен үйсіз-күйсіздер қарасы басқа айларға қарағанда 30-40 адамға артып кетеді. Айына. Осыларды ескергенде оларды өртеуден өзге залалсыз жол жоқ. Бүгінгі таңда кремация өлген адамдардың 99 пайызын өртейтін Жапонияны былай қойғанда батыс елдерінде кеңінен қолданылады. Осылайша Бішкектегі ритуалды қызмет көрсету агенттігінің жетекшісі кремациялаудың қажеттілігі мен маңыздылығын бекер сөз еткен жоқ. Бұл алдағы уақытта қолданысқа енуі мүмкін екендігіне ишарасы болуы мүмкін. Ал елімізде кремациялау төңірегінде бір кездері ел қызу талқылыған тақырыптардың бірі болғанын айта кету керек. Алматы қаласы маңындағы мазарларды, мәселен, Кеңсай секілді бейіттерде адамды жер қойнына тапсыратын жер қалмады десе де болады. Алматы қаласының әкімдігінің тапсырысымен 2012 жылы қалада крематория салу қарастырылған болатын. Десе де қоғамның наразылығына байланысты бұл жоба аяқсыз қалған еді.

0 пікір
Мұрағат