Қатерлі ісіктен көз жұматындар қарасы бірнеше есеге артады
Қатерлі ісіктен көз жұматындар қарасы бірнеше есеге артады
6 жыл бұрын 3200 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2030 жылға қарай обыр сырқатынан көз жұматындар қарасы шамамен 13,5 млн адамға көбейеді. Ал 2015 жылы қатерлі ісіктен 8,2 млн адам өмірімен қош айтысады екен. Әлем бойынша. Бұл жайында Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы әрі Блохин атындағы ұлттық онкология зерттеу орталығының директоры Иван Стилиди Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып, мәлім етті. «2015 жылы әлемде 14 млн адам қатерлі ісіктен азап шегіп, 8,2 млн адам бақилық болған. 2030 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының боламы бойынша 21 млн адам обыр дертіне шалдығып, 13,5 млн адам қаза табатын болады»,- деді ол Ресей ғылым академиясының президиум мәжілісінде жасаған мәлімдемесінде. Оның келтірген дерегіне қарағанда, әлем бойынша жыл сайын өкпе обырынан 1,5 млн-ға тарта адам, бауыр обырынан 1 млн адам, 0,5 млн адам сүт безі обырынан бақилық болуда.

0 пікір
Мұрағат