Қасиетті Құранды ым-ишарамен оқыту әдісі
Қасиетті Құранды ым-ишарамен оқыту әдісі
6 жыл бұрын 3572 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның Күйтақия қаласында қасиетті Құранды оқытудың ерекше тәсілі қолға алынған. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Міне, бірнеше жылдың жүзі болды, «Йенидоган» әйелдерге арналған Құран курсында көзі нашар көретіндер мен зағиптар Брайл қарпін пайдалана отырып, дәріс алатын. Ал құлағының мүкісі барлар мен саңыраулар ым-ишарамен оқытылады. Жергілікті Құран курсын жүргізушілердің бұл бастамасын қала басқармасы қолдап келеді. Ал құлағының мүкісі бар және саңырау ер-азаматтар "Шеһтілер" мешітінде осындай әдіспен оқытылады. Құран курсы. Бұдан бөлек, әр жұма сайын оларға ым-ишарамен уағыз айтылады. Құран курсын аяқтаған мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Күйтақия қаласы басқармасының демеушілігімен алған білімдері бойынша жарыс өткізіліп тұрады. Жеңімпаздарға қасиетті сапарға - қажылыққа тегін жолдама беріледі. 

0 пікір
Мұрағат