Қасиетті қала лашықтардан азат мекенге айналады
|
Саудия билігі исі мұсылман үшін қасиетті әрі қастерлі қаланың көркіне көлеңке түсіретін көңілсіз көріністерден азат етуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы GulfNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада киелі шаһардағы виза мерзімі ұзартылған иммгранттар тұратын лашықтар турасында сөз болып отыр. Дәлірегі, Меккедегі әл-Нақса ауданы әлемннің әр түкпірінен нәпақа іздеп келгендер мен қажылыққа келіп қайтпай қалғандар тығыз қоныстанған елді-мекен турасында сөз болып отыр. Мұндай лашықтарда осы елде қалуды мақсат еткендер де, құжатын жоғалтып алып, заңды мәртебесінен айырылған мигранттар да жетерлік. Алайда, лашық тұрғындарының тағдыры қалай шешілетіні турасында ақпарат жоқ. Дегенмен бұл бастама тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында көтеріліп отыр – экономиканы әртараптандыру мақсатында турзим саласын жандандыру үшін қаланың ажарын қашыратын нысандар сүріледі.