Қашықтан жұмыс істеуді заңдастырмақ
Қашықтан жұмыс істеуді заңдастырмақ
4 жыл бұрын 2704 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Германия билігі қашықтан жұмыс істеуді наным-сенім бостандығы немесе өмір сүру құқығы секілді адамның ажырағысыз құқығы ретінде танитын заң жобасын дайындап жатыр. Осылайша пандемияға байланысты әлеуметтік оқшауланудың бір көрнісіне айналған бұл тәжірибеге құқықтық мәртебе берілмек. Егер аталмыщ заң жобасы парламент тарапынан қабылданса, аталған ел азаматтары қандай да бір сақтық шараларына немесе басқадай себептер бойынша ғана емес, сонымен қатар, заң талаптары негізінде де үйде істеу режиміне көше алатын болады. Десе де сарапшылардың айтуынша, мұндай тәжірибенің шалағай, шикі әрі күмәнді тұстары көп: теориялық тұрғыдан мүмкін болғанымен нақты өмір шыдығында жұмыстың сапасына айтарлықтай теріс әсерін тигізуі мүмкін. Бір артықшылығы, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы заңға негізделген өзара қарым-қатынасында көптеген проблемалардан құтқаруы мүмкін. Соның ішінде адами факторларға байланысты орын алып жататын себептер бойынша түрлі келіспеушіліктер мен түсінбеушіліктің алдын алуға септігін тигізуі де ықтимал. Германияда қашықтан жұмыс істеуге заңдық мәртебе беруді аталған елдің федералды еңбек және әлеуметтік саясат министрі Хубертус Хайль осыдан табаны күректей екі жыл бұрын, дәлірегі, 2019 жылдың бас кезінде бастама етіп көтеріп, ұсынған болатын. Пандемияны келерін сезгендей. Ал жұмысы тікелей жұмыс орнымен байланысты кәсіп пен мамандық иелерінің, атап айтқанда, шаштараздың, көлік жүргізушісінің, теңізшінің, т.б. құқығына нұқсан келмеу жолдары қарастырылуы керек. Егер аталмыш заң жобасын билік мақұлдаса, мыңдаған кеңсе қаңырап бос қалады. Мұндай жағдайда жалға берушілердің мәселесін шешудің өзі бірқатар қиындық тудыратынын сөзсіз. Қысқасы, қашықтан жұмыс істеуге байланысты көптеген салада түбейгейлі өзгерістер алатындықтан оларды мейлінше қолайлы жолдармен шешу күн тәртібінен түспейтін болады.

0 пікір
Мұрағат