Қару саудасы: қай держава ұтып, қайсысы шығынға батады
Қару саудасы: қай держава ұтып, қайсысы шығынға батады
6 жыл бұрын 4645 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік С-400 кешеніне әлем бойынша сұраныс атуда. Асыра айтып отырған жоқпыз - мұсылман елдері (Түркия, Сауд Арабиясы) аталған ресейлік зымыран жүйесін сатып алуға мүдделілік танытып отыр. Бұл өз кезегінде әлемдегі ең табысты сала атанған қару саудасында АҚШ-тың орасан зор шығынға батырады. Нақтырақ айтқанда, ресейлік С-400 кешенінің пайда болуына байланысты америкалық бесінші буынға жататын жойғыш ұшақтарға деген сұранысты күрт кемітпек. Жасыратыны жоқ, америкалықтар бесінші буынды жойғыш ұшақтарына көп үміт артып отыр. Негізінен алғанда, кез келген жаңа ұшақ қарсыластың зымыранын "бойына дарытпайтындай" жасалуы тиіс. Ал америкалық бесінші буынға жататын жойғыш ұшақ ресейлік аталған зымыран кешенінің алдында дәрменсіз. Америкалық «Ист Дэй» ақпарат көзінің сарапшылары топшылағандай, осындай себептерге байланысты америкалықтар өздері көп үміт артқан F-35 жойғыш ұшағына деген сұраныстың азаюынан 15-20 жыл ішінде500 млрд доллар шығынға батады.  Бұдан бөлек, 2020 жылға қарай Ресейде С-500 «Прометей» зениттік зымыран жүйесі пайда болуы мүмкін. Бұл кешен өз кезегінде кез келген әуе нысанын жоя алады (ұшақ болсын, мейлі зымыран болсын) әрі шамамен 1 млн шаршы шақырымды қамтитын әуе кеңістігін қорғай алатын болады."60-шы жылдары Америка Құрама Штаты тарихтағы ең мықты деп санаған Boeing F-4 Phantom ұшағына көп үміт артқан еді. Алайда, Вьетнамдағы соғыс көрсетіп бергендей, мұндай ұшақтардың жүздегені атып құлатылды. Осыған қарап, жойғыш ұшақты құрастырушылар көптеген факторларды ескермегенін аңғаруға болады",- деді сарапшылардың бірі. Сөз орайы келгенде айта кетейік, F-35 жойғыш ұшағының бір данасының құны 119-140 млн доллар. Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың сөзіне қарағанда, 2019 жылы оның бағасы 85 млн долларға дейін түседі. 

0 пікір
Мұрағат