Қару құрастыру нұсқаулығын жариялауға тыйым салынады
Қару құрастыру нұсқаулығын жариялауға тыйым салынады
4 жыл бұрын 2201 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей федерациясының мемлекеттік думасының қарауына жарылғыш заттар мен жарылғыш заттарды дайындауға арналған нұсқаулықты таратуға тыйым салуды ұйғаратын заң жобасы енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш түзетуді «Қару-жарақ туралы» федералды заң мен бірнеше заңнамалық актілерге енгізу ұсынылды. Бұл заң жобасының авторлары: «Біртұтас Ресей» және «Әділетті Ресей» партияларынан сайланған, Василий Пискарев бастаған депутаттар. Осы тұста терістігіміздегі көрші елде жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз бетінше дайындау жөніндегі нұсқаулықты жариялауға бұрыннан тыйым салынғанын айта кету керек. Бұдан бөлек, «БАҚ туралы» заңның 4-ші бабында тілшілерге де жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз бетінше жасауға арналған нұсқаулықты жариялауға тыйым салынған. Ендігі жерде осыларға қосымша шара ретінде есептен шығарылған қару-жарақтың әскери ерекшелегін қалпына келтіруге, отты қарудың негізгі бөлшектерін өз бетінше қайта жасауға немесе дайындауға, т.б. қатысты осындай мәліметтерді жариялауға тыйым салу қарастырылуда. Аталған заң жобасының авторлары түсіндіру жазбасында соңғы бес жыл бедерінде тәртіп сақшыларының  Ресей аумағында қару-жарақ жасаумен айналысқан 400-ден аса заңсыз шеберхананы әшкерелегені туралы деректі келтіріпті. Ал есептен шығарылған немесе жоғалып, табылмаған қарулар көбінесе қылмыс жасауда пайдаланылған.

0 пікір
Мұрағат