«Қарияларға құрмет» флешмобы ұйымдастырылды (фото)
«Қарияларға құрмет» флешмобы ұйымдастырылды (фото)
8 жыл бұрын 2423

Дағыстан астанасы – Махачкала қаласында «Қарттарға құрмет» атты флешмоб өтті. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат жастардың назарын бір сәт гаджеттен қарияларға аударуға саяды. Осылайша, өскелең ұрпақ пен көргені көп қарттар арасында рухани байланыс орнатып, тәрбиелік мәні бар шара арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтауға септігін тигізуді көздеген. Аталған шараны «Ан-Нисаа» ғаламтор басылымы, «Әйелдер годеканы» атты бірлестік және «Біздің қарттар» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.   Кездесу еркін жағдайда, яғни, саябақта өтті. Бұл шараға 150 адам қатысты. Олардың 60-ы – қарттар болса, қалғаны – жастар. Өмірі алда жастар, болашаққа талпынған жастар өмірден көргені мен түйгені көп қариялардың тағлымды әңгімелерін тыңдап, ой қорытты. Осы акцияны ұйымдастырушылардың бірі Ханзада Әбдіразақованың айтуынша, бұл бір жолғы шара емес, жалғасын табатын игілікті іс екенін жеткізді. Жалғыз басты қарияларға ұдайы көмек көрсетуді жоспарлап отырғандарын да жайып салды.

 

0 пікір
Мұрағат