|
Қажының ішінен қайшы табылды
|
Сауд Арабиясында қажылық парызын өтеуге келген нигериялық қажының ішінен қайшы табылды. Қайшы оның ішінде 15 жыл болған. Десе де, қажы өзін жайсыз сезінбейтінін, жанына батпайтынын жеткізді. Бұл жайында ansar.ru ақпарат көзі хабар таратты. Оның ішіндегі қайшы Жидда қаласында кедендік бақылаудан өткен кезде, яғни, рентгенологияға түскен кезде байқалған. Нигериялық қажының айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын өзіне ота жасалып, дәрігерлердің салақтығынан қайшы ішінде қалып қойған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады