Қажыларға Зәм-зәм суын алып кетуге тыйым салынды
Қажыларға Зәм-зәм суын алып кетуге тыйым салынды
3 жыл бұрын 1956 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудияның азаматтық авиациясы жолаушыларға ұшақтағы өз жүгімен қасиетті Зәм-зәм суын бірге алып кетуге рұқсат бермеу туралы әуе компаниялары үшін жаңа директива шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған араб елінің  Saudi Gazette мерзімді басылымына жөн сілтеген islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азаматтық авиацияның бас басқармасы (GACA) ел аумағындағы әуежайларында жұмыс істейтін барлық әуе тасымалдаушыларына, соның ішінде жеке әуе компанияларына Королдік әуежайларынан ұшатын рейстерде жолаушыларға зәмзәм суы бар шөлмектерді жүгімен бірге алып жүруге тыйым салатын жаңа циркуляр шығарды. «Уәкілетті орган шығарған ережелерді орындамау үкіметтің қаулысын анық бұзу деп бағаланып, оны бұзғандарға заңды шара қолданылып,  жауапкершілікке тартылады» деп айтылған GACA ескертуінде. Осы орайда 2014 жылы қажылар өзімен бірге ала кететін Зәм-зәм суының мөлшері 10 литрден 5 литрге дейін төмендетілгенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат