|
Қажыларға арнайы әуежай салынады
|
Тек қажыларға арналған өз алдына бөлек әуежай қасиетті Мекке шаһарының маңында салынатын болды. Бұл жайында Азаматтық авиация бас басқармасының өкілі Халед әл-Хейбани мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш басқарма 2015 жылы Мекке шаһарынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым қашық жатқан Тайып қаласында инфрақұрылымдық жобаға тендер жариялайды.
Миллиондаған қажылар қасиетті орындарға жету үшін әуежайында арнайы терминал орнатылған Жидда шаһары арқылы өтетін болады. Аздаған бөлігі Мәдина шаһары арқылы келеді. Қазіргі уақытта Тайып әуежайы ішкі рейстерге ғана қызмет етеді.
Жыл сайын киелі Мекке шаһарына 13 миллионнан астам мұсылман келіп-кетеді екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
■
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды