Пұтқа табынушылар мұсылмандарды ашық кемсітіп, шеттетіп жатыр
Пұтқа табынушылар мұсылмандарды ашық кемсітіп, шеттетіп жатыр
5 жыл бұрын 3040 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алдыңгүні Үндістанның министрлер кабинеті ел аумағындағы мұсылмандардан өзге діни азшылықты құрайтындардың өкілдеріне азаматтық алуына мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдап жіберді. Азаматтық туралы заңнамаға енгізілген түзету бойынша Үндістан азаматтығын  Бангладеш, Пәкістан және Ауғанстаннан, тіпті, заңсыз жолмен келсе де индусы бар, буддашысы бар, сикх, христиан, джайнисі бар, тіпті, Заратуша ілімін жақтаушылар да аталған ел аумағында 6 жыл тұрғаннан кейін (бұрынғы заң талабы бойынша 11 жыл болатын) Үндістан азаматтығын ала алады. Тек мұсылмандар емес. Бұл жайында GulfNews ақпарат көзі хабар таратты. Осылайша ұлтшылардан тұратын үнді билігі мұсылмандарды сыртқа теуіп, көзге шыққан сүйелдей етіп, алалап, аластап отыр. Аталған ел билігі бұл мәселе бойынша мынадай уәжді көлденең тартып отыр: мұсылмандар ислам елдерінен пана таба алады. Министрлер кабинетінің мүшесі Пракаш Джавадекар тілшілердің қойған сауалдарына қатқан жауабында ел билігінің бұл қадамын «табиғи әділеттілік» деп ақтап алмақ болды. Осылайша осы елдегі миллиондаған мұсылмандар, соның ішіндегі Ассам штатындағы мұсылмандар көрші елдерге қуылуы мүмкін. 

Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз:

«Мұсылмандарға қарсы заң жобасы қабылданып кетті» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/musylmandarga-qarsy-zan-jobasy-qabyldanyp-ketti-11298#gsc.tab=0);

«Мешітті галереяға айналдырып жатыр» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/meshitti-galereyaga-ainaldyryp-jatyr-11318/#gsc.tab=0).

0 пікір
Мұрағат