Парсы шығанағы елдері арасында көп әйел алудан көш бастаған мемлекет
Парсы шығанағы елдері арасында көп әйел алудан көш бастаған мемлекет
4 жыл бұрын 3867 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Парсы шығанағындағы араб елдері арасында Кувейттің ер-азаматтары көп әйел алудан көш бастаған. Бір қызығы, мұндай некелердің төрттен бірінен көбі жиендеріне (бөлелеріне) үйленгендерден тұрады. «Араб әлеміндегі неке ахуалы» деп аталатын зерттеу нәтижесі Катар астанасы – Доха қаласында өткен араб отбасылары форумында жария болды. Аталмыш зерттеуде 2010-2015 жылдар аралығындағы Парсы шығанағы елдерінің көп әйел алу деңгейі анықталған еді. Кувейт көп әйел алу жағынан 8,13 пайыздық көрсеткішпен алға шықты, одан кейінгі орынға Катар жайғасқан - 7,88 пайыз. Үшінші орыннан Бахрейн көрінді – 5,16 пайыз. Өкінішке қарай, Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше Саудия, Оман, Біріккен Араб Әмірліктерінің мәліметі ұсынылған жоқ. Кувейтте туысына үйлену көрсеткіші 1979-2010 жылдар аралығында 34 пайызға жеткен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, араб әлемінде туысына үйленудің еш сөкеттігі жоқ, ол ол ма, бұл үрдіс артықшылық саналады. Тағы бір айта кететіні, осы жылдың қыркүйек айында Біріккен Араб Әмірлігінің федералды ұлттық кеңесі көп әйел алуды кеңінен насихаттауға көшетінін жария еткен болатын. Оң жақта отырып қалған қыздар проблемасын осындай жолмен шешкісі келеді.

0 пікір
Мұрағат