Президент кортежі немесе көшеде босанған әйел
Президент кортежі немесе көшеде босанған әйел
10 жыл бұрын 3066

АҚШ-тың Кентукки штатына қарасты Луисвил қаласында Ақ үй қожайыны Барак Обаманың кортежі өтіп кеткенше көлік кептелісі орын алып, жүкті әйел перзентханаға жете алмай жолда босанған. Бұл жайында NBC News ақпарат көзі хабар таратты.

911 құтқару қызметіне дабыл қоңырауы кешкі сағат 17.15 шамасында келіп түскен. Хабарласқан адам көшеде жүкті әйелдің босанып жатқандығын хабарлаған екен. Ол көлік кептелісінің салдарынан перзентханаға жетіп үлгермепті. Абырой болғанда, сол кептелістегі көліктердің бірінде медбике болып, әйелді аман-есен босандырып алған.

Жедел-жәрдем араға тек 10-15 минут уақыт салып келді. Олар ана мен баланы дереу ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда екеуінің де денсаулығына қауіп төніп тұрмағандығын жеткізді дәрігерлер.

Айта кетейік, бұған дейін де Обаманың кортежі аяғы ауыр әйелдің жол бойында босануына себепкер болған еді. Оқиға өткен жылдың шілдесінде Лос-Анджелес қаласында орын алған болатын. Ол кезде жүкті әйел медициналық орталыққа жаяу бармақ болғанымен, негізгі жолды кесіп өте алмай, көшенің бойында сәбиін дүниеге алып келді. 

0 пікір
Мұрағат