Православ елінде Ораза айт пен Құрбан айт мемлекеттік мереке ретінде жариялануы мүмкін
|
Украина президенті Владимир Зеленский Ораза айт қарсаңында мұсылмандардың айтулы екі мерекесіне мемлекеттік мәртебе беруді көздеп отыр. Бұл жайында islamnews.ru ақпарат көзі аталған ел басшысы кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Ресей басып алған Қырым татарларының, яғни, әлімсақтан мұсылмандардың атамекені - Қырым түбегін қайтару үшін осындай қадамға барып отырғанын сөз еткен сарапшылар да бар. Ол ол ма, Ресей аннекциясына наразылық білдіріп, қырым татарларының саяси тұлғасына айналған Емін Жапарованы Украинаның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары етіп тағайындау жөнінде ұсыныс айтылуда. Бұдан бөлек, Украина президенті кеңсесінде Қырым татарларының проблемасын шешумен және Киев қаласындағы бас мешіттің құрылысымен шұғылданатын жұмысшы тобы құрылмақ.