|
Португалия да Палестинаның тәуелсіздігін мойындады
|
Португалия парламенті Палестина тәуелсіздігін мойындады. Яғни, 217 депутаттың 203-і Палестинаның 1967 жылға дейінгі шекарасын мойындап, мемлекеттігін жақтап, дауыс берген. Бұл жайында World Bulletin ақпарат көзі хабар таратты. Бұл құжат ел үкіметін ештеңеге міндеттемесе де парламент сессиясына қатысқан Португалия сыртқы істер министрі Руй Мачете осынау бастамаға қолдау білдіріп, Палестина тәуелсіздігін мойындаудың уақыты келгенін мәлімдеді. Өздеріңізге бұрын хабарлағандай, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия және Швеция елдері Палестина тәуелсіздігін мойындаған болатын. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 18-і күні Брюсселдегі Еуропарламентте Палестина тәуелсіздігін мойындау турасындағы қарарға қатысты дауыс беру рәсімі өтеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Ойдың адамды жегідей жейтіні – биологиялық жасын кемітетіні белгілі болды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді
■
Елімізде Қашағанмен бірдей ірі мұнай кен орны табылды