Полицияның қызметін психологтер атқарады
Полицияның қызметін психологтер атқарады
4 жыл бұрын 2071 материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Канада мен АҚШ-тың кейбір қалаларында полиция органдары қысқартылып, оның орнына шұғыл көмек көрсету қызметі құрылып жатыр. Аталған қызмет өкілдері зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ шақырылған жерлерге барып, жәрдем көрсетеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде осынау арнайы бағдарлама туралы жазған VICE ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандардың айтуынша, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған, есірткіге тәуелді, психикалық (күйзеліс, стресс) бойынша орын алған жанжалдарды полиция шешуге қабілетсіз келеді. Полиция медицина қызметкерлері мен психологтердің көмегін қажет ететін жерде керегі болмай қалады. Таяуда Торонто қалалық кеңесі полиция қызметкерлерін психологтермен, есірткіге тәуелділіктен емдейтін дәрігерлермен алмастыруды қарастыратын бағдарламаны мақұлдады. Аталған қаланың полиция бастығының қызметін атқарушы Джеймс Реймер қала тұрғындарының полиция қызметін реформалау туралы кейінгі кезде жиі айтып жүргендіктен бұл өзгеріс олардың ойынан шығатынын алға тартып отыр. Бұл жоба 2022 жылы тәжірибе ретінде қолданылып, сәтті жүзеге асса, 2025 жылы толық енгізілетін болады. Яғни, келесі ылдан бастап, есірткі немесе ішімдік кесірінен болған отбасындағы, қоғамдық орындағы жанжал мен талас-тартыс үшін полиция шақыртылмайды. Полиция тек күш қолданылған жағдайда, яғни, зорлық-зомбылық қатері орын алғанда ғана араласады. Полиция секілді күштік құрылымға қарағанда проблеманы тереңірек еңсере алатын баламалы қызметті ұсынатын Reach Out Response Network ұйымының негізін қалаған Асанте Хотон бұл жобаға қолдау білдіретінін жария етті. Ал Reach Out Response Network ұйымының құрылуына көмек көрсеткен Рейчел Бромберг есімді азамат АҚ аумағында мұндай жобаның жүзеге асуына ықпал етіп келеді. Бұл бағдарлама 1989 жылы Орегон штатына қарасты Юджиндегі Уайт Берд емханасында әзірленген CAHOOTS жүйесіне негізделген. Талмыш емхана сайтындағы ақпаратқа сәйкес CAHOOTS шұғыл әне төтенше жағдайда жедел жәрдем көрсетеді. Шақыртылған жерге полицияның орнына медициналық қызметкерлер жөнелтіледі. Бұл жасақ өз кезегінде суицидтің алдын алады, есірткі қолданушыларды емдейді, тұрмыстық қақтығысты басады, сондай-ақ, үйсіз-күйсіздер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына бір жолға көмек көрсетіп, тиісті жеріне тапсырады. Бүгінгі таңда CAHOOTS жүйесі Денверде, Остинде, Сан-Францискода әне Еуропаның өзге де қалаларында сәтті жүзеге асырыла бастаған. 

0 пікір
Мұрағат