Полицияның лас тірлігі жаға ұстатты
Полицияның лас тірлігі жаға ұстатты
8 жыл бұрын 2940

2014 жылдың шілде айының 2-сі күні израилдік келімсектердің қолынан өрт қойып өлтірілген Мұхаммед Әбу Худейр есімді 16 жастағы жасөспірімнің қазасына байланысты Құдыс қаласында сот үкімі шықты. «Олар әу бастан бұл істі фашистік әдіспен жүргізді. Олай дейтінім, Израил билігі бізді тұқырту үшін түрлі қитұрқлыққа барды»,- деді израилдік келімсектердің қолынан опат болған жасөпірімнің туысы Кифа Кадер «Al Arabiya» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. «Дәлел болатын видеоны билік орындары тәркілеп алып кeткен. Жасөспірімнің ата-анасын құқық қорғау органы 72 сағат тергеудің астына алып, олардың өзін кінәлі етіп шығаруға тырысқан. Яғни, отбасы абыройын сақтап қалу үшін ұлдарын өлтірді деп жала жаппақ болған». Онымен қоймай, израилдіктер тарапынан қаза тапқан палестиналық жасөспірім «қызтеке болғандықтан, оны ата-анасы отбасының абыройын сақтап қалу үшін өлтірген» деген қауесет таратқан. Бәрібір ақиқат үстемдік құрды: израилдік үш келімсек палестиналық жасөсіпірімді ұрлап әкетіп, өртеп өлтіргендерін мойындады ақыры. Алайда, олардың екеуі кәмелет жасына толмағандықтан жауапкершіліктен босатылып, жазадан сытылып кетті. Ал ересек үшіншісі ақыл-есінің дұрыстығын тексертуге психиатрлық емханаға жөнелтілді.

0 пікір
Мұрағат