Жер халқының 43,4%-ы ғаламтормен қамтылған
Жер халқының 43,4%-ы ғаламтормен қамтылған
8 жыл бұрын 2263 24.kz Дайындаған: Г.Абилова

Қазіргі уақытта Жер бетінде 3,2 млрд адам жаһандық ғаламтор желісіне қосылған. Ал бұл ғаламшардағы халықтың 43,4 пайызы деген сөз. Халықаралық электр байланысы одағының есебіне сәйкес, Жер тұрғындарының 95%-ы қозғалмалы ұялы байланыспен қамтамасыз етілген.  Одақтың болжамы бойынша 2015 жыл соңына дейін әлемдік желіге қосылу 46%-ға жетеді. Бүгінде ғаламтор желісі әлемнің қолжетімсіз аймақтарына жеткенімен, ғаламторды тарту қарқынының төмендегенін байқау қиын емес. Себебі бұл көрсеткіш өткен жылы 7,5% болса, биыл тек 6,9 пайызды ғана көрсетті. Есепке сәйкес, дамыған елдер интернетпен 81,3%-ға қамтылған. Ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 34,1%-ды құрады. Даму қарқыны мүлде бәсең мемлекеттер желімен 6,7-ға қамтамасыз етілген. Құжатта елдердің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша даму индексі келтірілген. Бұл рейтингте Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Ал Дания, Исландия, Ұлыбритания, Швеция елдері алғашқы бестікке еніпті. Қазақстан 166 елдің арасында 53 орынды иеленді.

0 пікір
Мұрағат