Полиция жол тәртібін бұзған жандарды автокөлік жарығымен жазаламақ
Полиция жол тәртібін бұзған жандарды автокөлік жарығымен жазаламақ
8 жыл бұрын 2667 stan.kz

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жол полициясы жол тәрбін бұзған жандарға жаңа жаза енгізді. Олар тәртіп бұзушыларға қарсы алыс аралықты жарықтандыратын автокөлік жарығын қолданбақ.

Британдық Sky News телеарнасының хабарлауынша, айыпталушылар жарығы мейлінше жарқын автокөліктің алдына отырғызылады. Содан кейін бір минут көлемінде ол жарыққа тіке қарап тұруға міндеттеледі.

Жаза қолдану шарасының суреттері Қытайдың Sina Weibo әлеуметтік желісінде пайда болды.

«Бүгін біз алыс аралықтан жарық түсіріп жазалайтын боламыз», – делінген жарияланымның сипаттамасында.

Аталмыш сурет желі қолданушыларының назарын аудартты, 93 мың оқырман онымен өз парақшасында бөлісті. Қытай жол жүру ережесіне сәйкес, қарсы бағытта келе жатқан автокөлік жүргізушісінің көзін шағылыстыратын жағдайда алыс аралықты жарықтандыратын автокөлік фарасын жағуға тыйым салынған. Тәртіп бұзушыларға 300 юань көлемінде айыппұл салынады. Ал Шэньчжэнде ойлап табылған қосымша жаза баршаға бірдей міндеттелмейді. Жалпы мұндай қадам арқылы тәртіп сақшылары тұрғындарға автокөлік жарығының жол апатына себеп болуы мүмкін екенін ұғындырмақ.

0 пікір
Мұрағат